«888» монша кешеніне келу ережелері

1. Біздер біздің қонақтар денсаулығына қам жейміз, сондықтан қонаққа моншаға келер алдында өз дәрігерімен кеңесуді өтінеміз.

2. «888» монша кешенінің барлық үймараттарында тазалықты, сондай-ақ жалпы және жеке басының тазалығын сақтауды сұраймыз.

3. Үймаратта температуралық режим тек «888» монша кешенінің қызметкерлерімен ғана белгіленетінін хабарлаймыз.

4. «888» монша кешенінің аумағында тамақ және алкогольдік сусындарды ішу осыған арнайы арналған орындарда ғана рұқсат етілетінін естеріңізге саламыз.

5. Біздер әр қонаққа құрметпен қарап сыйлаймыз және біздің келушілер өздерін тәртіпті ұстайды деп сенеміз. Сондықтан «888» монша кешенінің қызметкерлеріне тиісті жауапты құрмет көрсетіледі деп үміттенеміз.

6. Жуыну бөлімшелерінде, булану бөлмесі мен бассейнде алкогольдік, есірткілік және токсикологиялық улану жағдайында болуға рұқсат етілмейді. Келушіде алкогольдік және/немесе есірткілік, токсикологиялық мастану нышандары, сондай-ақ олардың қалдық құбылыстары (бас жазу белгісі және т.б.) байқалған жағдайда, кешен қызметкерлері клиентті кіргізбеу, көрсетілген тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қолдану құқығында болады (кешен сыртына шығару немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерін шақыру).

7. «888» монша кешенінің темекі шегуге қатаң тиым салынады. *

8. «888» монша кешеніне өз тамақтары және сусындарымен келуге рұқсат етілмейді.*

* - айыппұл 5000 тнг көлемінде.

Келу ережелерін, қоғамдық тәртіпті бұзғаны, «888» монша кешенінің қызметкерлеріне дөрекі жауап беру, кешен мүлкін сындыру немесе бүлдірген, жоғары қауіпті аймақтарда (жуыну бөлімшесі, булану, бассейн) қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік өзіне бұзушыға ескерту жасауға, немесе оған «888» монша кешеніне келуіне төленген құнын қайтармай шығарып жіберу құқығын қалдырады.

Жеке заттарды сақтау мен сақталуы туралы

1. Кешен қонағына сыртқы киімін шешінетін орында, ал жеке заттары мен киімдеріне шешінетін жерде шкафта сақтау ұсынылады.

2. «888» монша кешені келушілер қараусыз қалдырған заттар мен құнды заттарының бүлінуі, жоғалуы, жетіспеушілігіне жауапты болмайды.

3. «888» монша кешені ғимарат маңында немесе «888» монша кешенінің жанында автотұраққа қалдырылған автомобильдердің сақталуына жауапты болмайды.

Шешінетін орында, себезгі және жуыну бөлімдерінде болу туралы

1. Шкафтар мен орындықтарда қоқыс қалдырмауды өтінеміз.

2. Өз киімдеріңізді қараусыз ашы шкафқа тастап кетпеңіз.

3. Қонақтарға арналуынан басқа жағдайда монша керек-жарақтарын (жаймалар, монша халаттары, орамалдар, сланцылар) қолданбауды сұраймыз.

5. Өз заттарыңызды ұмытпаңыз.

4. Үй-жайда (шешінетін орында, жуыну бөлімшесінде, себезгі, массаж кабинеттерінде, булану бөлмесі, бассейнде) сүлгі мен жаймаларды еденге лақтыруға болмайды.

6. Ғимараттар «888» монша кешенінің мүлкін шығаруға тиым салынады.

Массаж кабинетінде қызметтер туралы

Келушілердің денсаулығы мен қауіпсіздлігіне алаңдаушылық білдіріп біздер қонақтарға онда мынадай жалпы қарама-қайшылықтардың болуына орау массаж сеансын жүргізуден бас тартамыз:

1) тері, ішкі органдардың асқынған және созылмалы аурулары, ашық жарақаттың болуы, қатты аллергиялық реакциялар;

2) бездердің шоршынуы;

3) белсенді кезеңде кез келген қалыпта туберкулездік процесс

4) жұқпалы ауру;

5) жүктілік.

Булау бөлмесін пайдалану ережесі туралы

1. Булау бөлмесіне барар алдында қайшылықтар болуына қатысты дәрігер кеңесінен өту.

2. Булау бөлмесіне барар алддында жылы себезгі қабылдау ұсынылады, бұл жағдайда басты суламай, кейіннен сүртіну керек.

3. Булау бөлмелерінде сәкілер түрлі биіктікте орналасқан. Ауа температурасы Сізге барынша жайлы болатын биіктікті сөрені пайдаланыңыз.

4. Денсаулық жағдайыңызға және ағзаңыздың мүмкіндіктеріне сәйкес булау бөлмесінде болу ұзақтығын бақылаңыз.

5. Булану бөлмесіне кірер алдында басыңызға м/м бас киім киіңіз, ол бас тамырларына ыстық өтіп кетуді болдырмауға керек.

6. ыстық пешке жақындамаңыз.

7. Жылығаннан кейін біртіндеп салқындауды ұсынамыз: контрасттық себезгі қолдану, салқын бассейінге сүңгіп шығу.

8. Температураның шұғыл өзгеруі денсаулыққа қауіпті. Дененің қалыпты температурасын қалпына келтіргенге және қан қысымын ретке келтіргенге дейін тым ыстық не салқын себезгі қабылдамаңыз.

9. каминге орыс булау бөлмесінде суға араластырмай эфир майлары мен өзге де хош иісті сұйықтықтарды төгуге тиым салынады.

10. Булау бөлмесіне кіруге мына жағдайда тиым салынады:

  • Қарқынды жаттығулардан кейін 30 минут бойына;
  • Тамақты тойып ішіп алғаннан кейін кемі 1,5-2 сағат өтуі керек;
  • Аш қарынға;
  • Алкогольдік, есірткі және токсикологиялық улану жағдайында
  • Іріңді аурулар жағдайында
  • Кез келген өзіңізді жайсыз сезіну жағдайында.

Бассейнді пайдалану туралы

1. Бассейнге түсер алдында сабын құралымен және жөкемен себезгі қабылдау керек.

2. Барынша сақ және мұқият болыңыз – жуыну бөлмесі, себезгі, булану бөлмесі, сатылар мен бассейн аймақтарында еден жабындары тайғақ болуы мүмкін. Тұтқалардан ұстанып резеңке аяқ киім киюді сұраймыз.

3. Бассейнде суды өңдеу тиісті ережелер мен нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Егер су жағдайы келушілердің жеке басының тазалығы ережелерін сақтамау нәтижесінде қысқа уақытта бұзылса, кешен жауапты болмайды.

Абсолют қайшылықтар:

- түрлі орналасқан қатерлі және кез келген ісіктер, остеомиелиттер, тропикалық қотырлар, айнала қан тамырларының семуі, сіресіп қалу дағдарыстарымен ілесетін ми тамырларының семуімен бірге тромбангиит;

- тамырлар, аорта, жүрек аневризмдері, тромбоздар, тромбофлебиттер, үшінші дәрежедегі жеткіліксіз қан айналысы, өтелмеу сатысында жүрек клапандарының ақаулары, кенеттен туындайтын қатты жүрек талмасы;

- тромбоз бен қай құйылуына бейім қан тамырларының байқалатын склерозы, тіндік ыдырауы дәрежесінде бронхоэктатикалық ауру, үшінші дәрежелі өкпе-жүрек кемшілігі, қатты жүрек-қан тамырларының кемістігі, өкпе ісінуі, бүйрек және бауыр кемшіліктері, туберкулездің белсенді нысаны, жұқпалы жыныс аурулары, тым қозумен және психиканың елеулі өзгеруімен психикалық аурулар.

Уақытша қайшылықтар:

- тері, тырнақ, бастың шашты бөлігінің жұқпалы, зеңді және айқындалмаған түрімен түрлі аурулары, түрлі тері бөртпелері, терінің қатты қозып қотырлануы, іріңдік процестер, бездердің шошынуы, қан құйылу, қан кету (мұрыннан, ішек жолдарынан, жатырдан), аллергиялық аурулар, дене қызуының көтерілуі, қатты қолзу процестері, қан қысымының артуы не төмендеуі, жүрек айнуы, құсу, жүректе ауыру, күшті тыныс жолдарының соңғы екі-бес күн ішінде ауыруы, түрлі ауру мен жарақат алу жағдайынан жалпы ауыр жағдай.

Жергілікті қайшылықтар:

- сүйелдер, тері бүлінуі, тітіркенуі, көгеру мен сызаттар, қотырлар, сулы жаралар, бездердің жеке ұлғайып ауыруы, аяқ тамырларының адыраюы, көкірек бездерінің ісінуі;

- бел аймағы мен іш – аналық безге ет өсуі, ішті басу кезінде ауыру (түрлі аурулар жағдайында) қан кетумен іште органдардың ауыруы, жаралы аурумен байланысты қан кетулер, әйелдер жыныс органдарының ауыруымен немесе жарақат алумен туындаған жағдайлар, етеккір, жүктілік. Ійелдерде бала туғаннан кейінгі екі ай.

«888» монша кешенінің әкімшілігі қонақтардың белгіленген қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан болған қайғылы жайсыз оқиғалар үшін жауапты болмайды және ұсыныстар мен ережелерді ұстануды сұрайды.

Назарларыңызға рахмет!

Жайлы демалыс тілейміз!

Баня в Астане | Русская баня на дровах | Турецкий хамам | Баня 888 | Сауна Астана | Массаж Астана | Китайская баня

Барлық пікірлер

Жазба пікір жіберілді!
Рақмет!
Нысан толтыру қателестік

Наш менеджер свяжется с вами в ближайшее время.
Рақмет!
Нысан толтыру қателестік