Хамам (Хаммам) – молшылықтың шығыс символы, үндестік үйлесімді қабілеттілік тек дене тазалануы ғана емес, сондай-ақ жан сауығуы. Рим моншалары принципі бойынша сегіз ғасырдан астам уақыт бұрын құрылған шығыс колориті мен рухын қамтиды.
Қабырғалардағы мәнерлі өрнектер, мраморлы еден және жатақтар, будан қызатын ерекше шығыс декоры тамаша атмосфера құрады. Нәзік, хош иістер, жұмсақ, жағымды жарық беру, босаңсытатын жағдай – барынша жоғары релаксация алуға, гармонияға бөленіп, шынайы рақат есігін ашуға көмектеседі.
Хамамда болған кезде Сіз шынайы «рақат жұмағына» кіресіз. Салыстырмалы жоғары емес тепмература арқасында шығыс моншасы әдетте орыс моншасында болатын ыстық температурада болу тыйым салынатын адамдарға да болуға мүмкіндік береді. Құрғақ бу ревматизмді емдеуге көмектеседі, буын және бұлшық ет сыздауларын қойдырады.
Біздің кешенде сіз хамамда рақаттанып, шынайы шаттық күйіне бөленіп, монша қабылдаудың бес сатылы рәсімін өтуге мүмкіндік аласыз. Жылы бу терідегі ұсақ тесіктерді ашып, өкпені таза пайдалы ауамен толтырып, осылайша ағзаны ішінен тазартады.
Дененің бұлшық еттері қызып, массаж жасаушының икемді қолдары скрипкашының виртуоздық қозғалыстары тәрізді, қарқынды қозғалыстарымен теріні қабыршақтанған тері қабаттарынан тазартады. Әрбір клиент өз қалауына қарай пилинг бағдарламасын таңдай алады. Осы пайдалы рәсімнен кейін тері тазарып, терінің ұсақ тесіктері «дем ала» бастайды.
Кәсіби массаж жасаушының қолымен жасалған көбікті массаж бұлшық ет қысымын, шаршағандықты басады. Осындай рәсімнен кейін сіз өз қалауыңызға қарай хош иісті майлармен аса босаңсытушы массаж алуыңызға болады.
Теңіз балдырлары немесе тамаша үйлестірілген құрамдастар негізінде пайдалы қаптауды байқап көруді қалаушылар, рәсімнен керемет әсер алады.
Хамам бағдарламасы соңында –тері жасушалары нәрлі сүтпен немесе кремдермен құнарландырылады . Аяғында Шығыс дәстүрлері бойынша – шығыс тәттілерімен шай ішу.
Біз құрметті қонақтарды «888» монша кешенінің хамамында қарсы алуға қуанышымыз, ол Шығыс дәстүрлерімен және шипалы қасиеттерімен спа-рәсімдердің тамаша кешенімен қонақтарға ұмытылмас қуаныш сәттерін сыйлайды .
Хамамда өткізілген уақыт бірқалыпты болмайды. Бағдарламаның алуан түрлілігі мен олардың әрдайым жаңартылуы, әрбір клиенттің ыңғайын табу біздің кешенге әрбір келуді ерекше етеді.
Баня в Астане | Русская баня на дровах | Турецкий хамам | Баня 888 | Сауна Астана | Массаж Астана | Китайская баня