
Түрік моншасы: Шығыстың барлық маржаны денсаулық қызметінде.
Түрік моншасы – шыны қаптама, табиғи тас және мәрмәрдан жасалған ғажайып шығыс ертегісі. Ол босаңсытады, жайландырады және сауықтырады, белгілі көне рим моншаларының жеткілікті жалғастырушысы болып табылады.
Аздап тарих
Жиі хамам деп аталатын бірінші түрік бу бөлмелері қалаларда емес, біздің дәуірімізге дейінгі төртінші мыңжылдықта ауылдық орындарда пайда болды. Оған дейін Шығыс тұрғындары – мұсылмандар – жуыну үшін тек ағын суды қолданды.
Айрықша және жарқын моншалар осыц күнге дейін алақан қағидаты бойынша ұйымдастырылады. Олардың ортасында тастан жасалған жатын орын бар үймарат, ал «саусақтарда» - жуыну бөлмелері, шешінетін және түрлі температуралы булау бөлмелері орналасады. Тас жатын орны (чебек-таш) басты монша процедурасын жасауға көмектеседі – терең босаңсыту массажы.
Түркияда нағыз хамамды күмбезі бойынша жеңіл тануға болады – ол шығыс сәулет дәстүрі мен бу көптігінен түзілетін су тамшыларының келушілер басына түспеуіне мүмкінджік беретін сітті техникалық шешімінің маңызды бөлшегі болып табылады.
Мыңдаған жылдаға сияқты түрік моншалары тас пен мәрмәрді пайдаланумен салынады, ал оларға жуынуға ғана келмейді. Бұл жерде дене, рух және ой тазарады, жайлы әңгімелесу мен өмірден баз шегіп демалыс болады.
XIX ғасыр емшілері хамам- барлық аурудың емі деп атайтын, ол шығыс моншаларын Германия, Америка мен Англияда өте танымал етті. Ескі және Жаңа ел тұрғындары онда демікпе, салқын тию, қолқа аурулары, безгек пен ыстықты емдеді.
Түрік бу бөлмесінің ерекшеліктері
Біздің елде хамамды бертінде ғана сала бастады, бірақ оларды қажетсінетіндер саны күн сайын артып келеді. Бұл жерде таңғаларлық ештеңе жоқ, себебі шығыс моншасы бізге танымал орыс және финн моншаларынан айрықша ерекшеленеді.
Біріншіден хамама өте әдемі. Ұлттық дәстүрлер оны тым ерекше және танымал етті – күмбез, аркалар, жиектемелер, панно, фрескалар, аспалар – осылардың барлығы таң қалдырып, әдеттегі процедураларды ерекше етіп көрсетіп, жанға қуаныш пен бақыт сыйлайды.
Екіншіден түрік моншасында жайлануға, оң энергия алуға, керемет жайлы музыка тыңдап, хош иістер иіскеуге болады. Жайлы температура (45ºС-тан артық емес) және ылғал (80-100%) режимдер барлығына, ересек пен науқас адамдарға, жүкті әйелдер мен балаларға жақсы мүмкіндіктер сыйлайды.
Хамамға кіру ережелері
Алдымен келуші түрік булау бөлмесіне келеді, онда 15 минут ішінде оның барлық терісі ашылады. Осыдан кейін жылқы жэалынан жасалған қолғаппен денені үйкеуге болады.
Қырнаудан кейін негізгі залға өтіп, шағын температураға қыздырылған мәрмір тасқа етпеттеп жату керек болады. Арнайы адам келуші денесін түкті сүлгімен сүртіп, түрлі температуралы су құяды және жарты сағат бойына дене боймен көбікті «шар» жүргізеді.
Осыдан кейін джакузи, емдік балшықтан жасалған маска мен массаж уақыты келіп жетеді. Барлық процедуралар біржарым сағат уақыт алады, осыдан кейін хамамға келуші өзіне қанат біткенін сезінеді.
Келуге болатын және келуге болмайтын жағдайлар
Түрік моншасына елеулі тері қотырлары бар адамға келугше болмайды. Қалғандары үшін хамам – құрғақ тері ылғалданатын, майлы – қалыпқа түсетін, сезімтал тері – жеңіл тазаратын керемет орын.
Қан айналысы жақсарады, ағза уыттар мен қождардан тазарып, ал өзіңіз тұмау мен бойыңыздағы салқынның кеткенін, тыныс алуыңыздың жеңілдегенін сезінесіз. Бұл тек бірінші рет келген заматта байқалады, ал хамамға жиі келіп тұру – бұл буын ауруларын, жүрек-қан тамырлары жүйесінің, тірек-қозғалыс аппаратының жақсы жұмыс істеуі және тіпті қажудан арылудың бірден бір орыны.
Баня в Астане | Русская баня на дровах | Турецкий хамам | Баня 888 | Сауна Астана | Массаж Астана | Китайская баня