Пайдалы ақпарат

Балалар және монша.

Көптеген ата-аналарды балаларды моншаға өзімен алып бару керек пе деген сұрақ алаңдатады. Моншада балаларға үлкендердің қарауы өте керек болатынын атап кету керек. Себебі бала ағзасы үлкен адам ағзасынан қатты ерекшеленеді және баланың моншаға баруы оның денсаулығына әсер ететін барлық факторларды ескеру керек болады.

Егер осы факторлар ескерілсе, бала үшін монша зиян емес, пайдаға түседі. Бірінші кезекте баланың қандай да бір ауытқулары немесе созылмалы аурулары болуына назар аудару керек болады.

Моншада бірінші рет

Баланың моншаға бірінші рет баруы кезінде моншада будың құрғақ болуына бақылау жасау керек, себебі осы нұсқа балалар үшін тым қолайлы болады. Егер бала бу бөлмесіне барудан қорқатын болса, оны күштемеген дұрыс болады.

Ең алдымен балаға моншаның барлық артықшылығын түсіндіру, оның қандай пайда әкелетінін айтып кету керек. Барлық балалар қызығып әуесқойланады, сондықтьан балаға біртіндеп моншаға үйретсе, ерте ме кеш пе ол оның не екенін өзі де білгісі келеді.

Сақтық шаралары

Балалардың моншаға баруына кейбір қайшылықтар бар. Монша буы мен температура – бұл ағзаға, оның ішінде жүрек-қан тамырларына елеулі жүктеме. Әлі қатаймаған бала ағзасына физиологиялық әсер етулерден басқа, моншаға бар бала үшін стресс немесе салқын тигізу себебі болуы мүмкін.

Осыған байланысты дәрігерлер мынадай кейбір ережелерді ұстануға кеңес береді:

  • Моншада балалар үнемі ата-ана қарауында болуы керек, себебі олар жарақат алып қалуы әбден мүмкін болады
  • Егер бала шошып кетіп, моншаға барғысы келмесе, оны күштеудің қажеті жоқ, баланы үйге жіберіңіз.
  • Баламен бу бөлмесіне, ол әлі қатты қызбаған кезде кіріңіз, қыздырылған ауаның жоғары температурасы бала үшін қиын болмауы керек. Бала бу бөлмесінде 2-3 минуттан артық болмауы керек.
  • Юала температурасы онша жоғары болмайтын бу бөлмесінің төменгі деңгейінде отыруы керек.
  • Бала бірінші рет моншаға барғаны кезінде оның бу бөлмесінде бюір рет қана болуы жеткілікті.
  • Бу бөлмесінен баланы, одан тер шыққан бетте шығару керек, себебі оған ыстық өтіп кетуі мүмкін болады.
  • Монша сыпырғышын балаға пайдаланбаған дұрыс, тек терлесе болды, Егер сіз моншаға барудың барлық қызығын көрсеткіңіз келсе, оны ауыртып алмай, ақырын ғана сыпырғышпен сүйкеңіз. Оған липа немесе қайынан жасалған сыпырғыштар жарайды.
  • Бу бөлмесінен кейін баланы жылы себезгі астына жіберіңіз. Бу бөлмесінен кейін балалар кемі 15 минут демалуы керек болады.
  • Баланың салқындауына жол бермеңіз.
  • Баланың үнемі көз алдыңызда болуын қадағалаңыз. Өз тарапыңыздан моншаның пайдалы және жайлы екенін көрсетіңіз. Бала қорқып кетпеу керек.
  • Балаға арналған сүлгі мен ауыстыратын киім таза болуы керек.
  • Баланы монша арқылы шынығуға үйретіңіз. Ол үшін жеңіл контрасты себезгі пайдаланыңыз, содан кейін баланы әбден құрғатып сүртіңіз.

Баламен моншаға бару кезінде ерекше сақ болу керек. Баламен моншаға барар алдында оған қатысты мүмкін қайшылықтарды біліп алған жөн. Монша қанша жақсы болғанымен, оған барар алдында отбасылық дәрігермен немесе балалар дәрігерімен кеңескен жөн.

Қайшылықтар:

  • Жұқпалы ауру немесе вирустар болуы.
  • Талма ауру.
  • Обаның кез келген нысаны.
  • Бүйрек ауруы.
  • Ас қорыту жүйесінің созылмалы аурулары.
  • Зат алмасудың бұзылуы.
  • Бауыр ауыруы.
  • Жүрек-қан тамырларының ауыруы.

Халқы өзінің денсаулығына ерекше қарайтын Финляндия мысалы бойынша, осы елдің медицинасы әлемдегі ең алдыңғы қатарлы болуын ескеріп, монша егер қандай да бір медициналықұ қайшылықтар болмаса, тек оң әсерде екенні сөзсіз.

Осы үлгімен бала денсаулығына арналған зерттеулерге сүйеніп жұмасына кем дегенде бір рет моншаға баратын балалар ағзасы моншаға бармайтын балаларға қарағанда салқын тиіп ауыруға қарсы тұра алатынын айту керек.

Бірінші рет моншаға барған бала бу бөлмесінен қорқуды жоғалтадды және күшті психологиялық заряд алатынын атап кету керек. Осы тұрғыдан бала сенімді және барынша шешім қабылдағыш болады. Егер балалар моншада сауықтыруға арналған процедуралардың толық кешенін алса, онда олардың келешекте сау болатыны сөзсіз. 

Баня в Астане | Русская баня на дровах | Турецкий хамам | Баня 888 | Сауна Астана | Массаж Астана | Китайская баня

Барлық пікірлер

Жазба пікір жіберілді!
Рақмет!
Нысан толтыру қателестік

Наш менеджер свяжется с вами в ближайшее время.
Рақмет!
Нысан толтыру қателестік