Пайдалы ақпарат

Қалай дұрыс булану керек?

Әр адам өмірінді бір рет болса да моншаға барады. Көпшілік үшін монша жуыну мүмкіндігі ғана емес, өзіндік бір рәміз, дістүр болып табылады.

Буланған кезде – кәрілік кері қашады! Монша – екінші анаң: сүйегіңді түзейді, барлық ісіңді алға бастырады! Буы жоқ монша, майы жоқ сорпа дерсің! Буға түскіштерден осындай түрлі мақал – мәтел естуге болады. Бұлардың бәрі ойдан шығарылған емес. Шынымен көптеген ауруларды монша арқылы емдеп жазуға болатыны белгілі. Ал салқын тигеннен келетін аурулардың алдын алудың таптырмас орыны осы монша.

Алайда көпшілігі өзінің ағзасына зиян тигізбеу үшін бәрін шамасына қарай қолдану керектігін білмейді, орыс моншасы дәрі дерсің, қабылдауда мөлшерлеуді сақтану керек!

Көптеген сырбаздарда өздерінің көптеген жылдар бойы уақыт өткен сайын қалыптастырып алған құпиялары да бар. Біреуіне келмейтін тәсіл екіншісіне майдай жағуы мүмкін болады.

Сондықтан моншаға келудің ең негізгі ережелерін білген жөн.

Біріншісі бұл жерге асқазанды толтырып алып келудің қажеті жоқ: Бұл әсіресе қан қысымы жоғары, жүрек-қан тамырлары ауыратын адамдарға қатысты.

Сонымен бірге моншаға аш болып та келмеу керек. Ең оңтайлысы шырын, морс немесе айран ішіп келген жақсы.

Дене қызуыңыз көтеріліп тұрған кезде моншаға келуші болмаңыз. Булау бөлмесіне кірген уақытта қысым артып жүрек соғуы жиілейді, оған жоғары температураны қоссаңыз, өз емделуіңізді ауруханадан бір-ақ бастайсыз. Ал салқын енді тие бастаған кезде келсеңіз, таптырмайтын ем алып кетесіз!

Алкогольдік ішімдік ішіп алып моншаға келуші болмаңыз!

Алкоголь қан тамырларын кеңейтеді, ал жоғары қоршаған орта температурасымен қосылып, ол сіздің жүрегіңіз үшін жылқы арқасына қамшы ұрғандай әсермен бірдей болады. Ал бал қосылған шай ішсеңіз – бұл әсіресе қажет болады.

Енді тікелей монша процедураларының өзіне өтейік.

Булау бөлмесіне кірген бетте ең жоғары сәкісіне шығуға ұмтылмаңыз. Барынша пайдалысы 2-3 минут төменгі бөлікте, ағзаны жоғары температура әсеріне дайындап алған дұрыс болады.

Барынша дұрыс дене қалпы – көлденеңінен, егер жату мүмкін болмаса, отырыңыз. Булау бөлмесінде астында (аяқ жақта) ауа температурасы мен жоғарыда (бас жақта) ауа температурасының айырмашылығы 40-45 градус болатындықтан түрегеп тұрудың қажеті жоқ.

Егер сіз алғаш рет келген болсаңыз, рекорд қоямын деп ұмтылмаңыз, бірінші рет кіруде 5-6 минут жеткілікті, одан кейінгі кіруде 7-10 минуттан асырмаған жөн. Булау бөмесіне кіру арасында кемі 10 минуттан үзілістер жасаңыз.

Ал енді қай монша сыпырғышсыз болатын еді! Барынша кең таралғаны емен мен қайың сыпырғыштары. Шынтуайтқа келгенде сыпырғышты кез келген ағаш, бұта және тіпті шөптерден жасауға болады. Өкпе, сондай-ақ жоғары тыныс алу жолдары ауырған жағдайда өте пайдалысы эвкалипт сыпырғышы.

Қотыр жазылуына үйеңкі сыпырғышы көмектеседі, ол сондай-ақ өзіне уыттар мен қождарды ағзадан тартып алады. Липа сыпырғышы тер бөлінуін күлейтеді, аздап зәр шығару жолдарына көмектеседі, бас ауруын жазады.

Моншадан кейін адам қатты шөлдейді. Бұл монша қабылдауда сұйықтықтың денеден көптеп бөлінуіне байланысты. Бұл жерде ең жақсысы шай, содан кейін түрлі шөптер жинақтары болады. Шайды ыстықтай ішуге тырысыңыз, аздап бал немесе тосап қоссаңыз жақсы болады.

Күннің қалған бөлігін жайлы жағдайда өткізуге тырысыңыз. Егер моншаға қалыпты келіп тұратын болсаңыз, салқын тиюден болатын аурулардан, арқа ауруынан, созылмалы шаршаудан арыласыз. Бойыңызға күш толып, жарқын өмір сүресіз.

Жеңіл буыңызбен!

Баня в Астане | Русская баня на дровах | Турецкий хамам | Баня 888 | Сауна Астана | Массаж Астана | Китайская баня

Барлық пікірлер

Жазба пікір жіберілді!
Рақмет!
Нысан толтыру қателестік

Наш менеджер свяжется с вами в ближайшее время.
Рақмет!
Нысан толтыру қателестік