
Монша өмір сүруді жеңлдетіп емдейді!
Англияда айқыш жүрістері кезінде жоғары ордандердің бірі тағайындалды – ол Монша ордені, ол кезде жұқпалы аурулар мен оба қаптаған заманда монша сала білген рыцарларға берілді.
Теріні тереңінен тазартудың үздік тәсілі сауна (құрғақ монша) мен бу бөлмесі (ылғал монша) болып табылады. Ыстыққа орай тері ашылып, терінің өлген қабыршақтары тазартылады. Іштен де қолайлы процестер жүреді – қан айналысы белсендіріледі, терінің қанмен жабдықталуы жақсарады және ол қызғылт реңкке түседі.
Уыттар мен қождар бөлігі ағзадан шығарылады. Бұл жуырда айтылғкандай тері арқылы жасалмайды. Жылу әсері бүйрекке әсер етеді, ол жақсылап жұмыс істеп зиянды заттардың шығуына көмектеседі. Тиісті қыздыру ағза иммунитетін жақсартады, ол салқын тиген жерлерді емдеуге әсіресе пайдалы. Егер тұмау болса, онда не сауна не бу бөлмелері оған көмектесе алмайды.
Қыздыру/салқындату барысында қан тамырлары жақсылап шынығады, моншадан кейін бұндай ағза жоғары температураларға жеңіл төтеп бере алады. Жазғы аптапта адам өзін сергек сезінеді.
Орыс моншасында бу бөлмесінде ауа температурасы 50 - 85°С шегінде көтеріледі, бірақ ауа ылғалдығы 60 пайызға жетеді. Бұндай атмосферада адам құрғақ саунаға қарағанда аз терлейді, бірақ денеге тұнатын буланған суға орай тазарту әсері елеулі түрде күшейеді.
Булау бөлімшесінде барынша көп болу уақыты 20 минуттан аспауы керек. Бірақ егер сізге 10 минут та жеткілікті болса, онда шығу керек.
Саунаға алдын ала себезгі астында жуынып, құрғатып сүртініп кіруге болады. Табандар жылытылған болуы керек. Ол үшін алдын ала аяқтарға ыстық ванночка жасаған жақсы.
Суға жүзу киімін немесе басқа тағы бірдеме киюдің қажеті жоқ.
Саунада ыстық жоғары аймақтарда күштірек. Жаттыққандар алдымен жоғары сөреге отырып, бірінші тер бөлінгеннен кейін төменге, ортаңғы орынға көшуге болады. Жаттықпағандар ортаңғы сөреден бастап, сонда қалады.
Саудана жатқан дұрыс. Егер оған орын болмаса, аяқты орындық деңгейіне орналастыру керек.
10 минуттан кейін эфир майлары қосылған салқын су құйыну керек. Денеден көтерілетін бу тері, жүйке тамырлары мен тыныс алу жолдарын шынықтырады.
Саунаны бастар алдында су құйынбаған жақсы. Саунада соңғы екі минутта төменгі сөреде, тіке отырып, басты төмен түсіріп отыру керек. Бұл түрегелген кезде бас айналуын болдырмайды.
Саунадан кейін киімсіз монша алдындағы орында алға артқа бірақ жүрген дұрыс және терең демалу керек. Біңрақ тоңып қалмауға тырысыңыз.
Салқын су құйыныңыз немесе салқын себезгі астына тұрыңыз.
Отырып аяққа жылы ванна жасаңыз.
Тері қайтадан жылынған кезде тағы бір рет салқын су құйыныңыз немесе салқын бассейнге бір түсіп шығыңыз. Осы салқындату процесін терлеу тоқтағанға дейін жасаңыз. Сүртініп монша алдындағы орында жата тұрыңыз.
Жасалуға жол бермейтін қателіктер:
- Саунада көп отыру үшін ең төменгі салқын ортындыққа отыру.
- Аяқты төмен түсіріп ең жоғары сөреге отырып, басты төбе астында ұстау.
- Саунадан кейін салқын су орнына жылы су құйыну.
- Салқын үймаратқа шықпау немесе онда киіммен жүру. Бұл шынығу әсерін төмендетеді.
- Саунада немесе кіру арасында үзілістерде ішу. Ең нашары – алкогольдік ішімдік ішу. Қан тамырлары онсыз да кеңейген, олар коллапс қаупіне дейін кеңейіп кету мүмкін
- Саунадан кейін терді сүртінбей бассейнге түсу. Бұл тазалыққа жатпайды.
- Саунаға кіру арасында және одан кейін жүзу. Су қысымы кеңейген тамырларға зиян тигізу мүмкін.
- Саунада шаш тарау. Бұл шашқа зиянды.
- Саунада әңгіме соғу. Бұл босаңсу орны және әңгімелесу осы жерде тыныштық іздеген адамдарға кедергі жасауы мүмкін.
Булау бөлмесі
Моншаның екі рәмізі ерекшеленеді: орыс және түрік.
Орыс моншасында тәртіп мынадай:
- Себюезгіден кейін сүртініп алдын ала жылыну үшін жылы үймаратқа кіреді. Осыдан кейін салқындайды.
- Егер моншада жылу сумен бассейн болса, онда бірнеше минутқа түседі, содан кейін салқын сулы себезгіде болады да әбден сүртінеді.
- Осыдан кейін ғана бу бөлмесіне кіреді, онда 100% жуық ылғалдықта шамамен 45°С температурасы жағдайында 10-15 минут болады.
- Содан кейін саунада жылынғаннан кейін, денені бу бөлмесінен кейін себезгі астында және бассейнде салқындату керек.
- Келесі кірер алдында 10-20 минут демалу және аяққа жылы ванна жасау керек.
Түрік моншаларында алдын ала жылыну сатылары жоқ. Бу бөлмесінде әр 5 минут сайын жоғары сөреге көтеріледі. 15 минуттан кейін салқын себезгі астына тұрады. Дәстүрлі қоғамдық моншаларда одан кейін щеткамен массаж, содан кейін аздаған жылы сумен себезгі және жарты сағат демалыс болады. Жылы мен салқынды араластыру – саунада ұқсас екі реттен кейін қайталауға болады.
Моншада қол жеткізілетін салмақ тастау аз уақыт ұстеледі, себебі ол күшті тер бөлумен негізделеді. Буланған су жаңадан қайта өтеле алады. Бірақ май не саунада не моншада «ерімейді». Бірақ екі процедурада зать алмасу белсендіріледі, ал ол салмаққа тұрақтандыру серін беріп диета арқылы беки алады.
Саунадан кейін су жоалуын бірден өтеу ішкі органдардың, оның ішінде әсіресе бүйректің қалыпты жұмыс істеуі үшін өте маңызды. Бұдан басқа термен бірге шыққан минералдық заттарды қалпына келтіру керек болады, ол электролиттік процестің бұзылмауына қажет. Минералдық су немесе қансыз жеміс және көкөніс шырындарын ішкен жақсы. Алкголоьдік ішімдік ішудің қажеті жоқ: ол адам ағзасынан судың орнын толтыру орнына, оны жояды.
Сүлулық үшін терлейтіндерге ерекше кеңестер
Термиялық әсермен шашқа күтім: сауна мен бу моншасының жылуына орай емдік қасиеттер бас терісінен тереңінен сіңеді. Бірақ қатты ұстанбай, басқа жаққандар төгілмеуі үшін басқа орамал таққан жақсы.
Терідегі қызыл қан тамырлары ыстыққа төзбейді.
Монша процедураларын тиісті, ұтымды пайдалану қан айналымы мен зат алмасу процестерін ынталандырып жақсартады және буындар икемділігі мен қозғалмалығын дамытады.
Бу бөлмесіндегі жоғары температура көптеген зиянды вирустарды жояды.
Егер моншаға тамақ ішіп алғаннан кейін бірден келсе, қорытылмаған, зиянды заттар асқазан мен бауырдан органдарға қозғалып тамырлар мен қылтүтіктердің бекітілуіне әкеледі. Аш күйде моншаға келу денені қатты кептіріп, ағзаға күш түсіреді.
Жақсы орыс моншасы арық адамдарға өте пайдалы: процедуралар кезінде жылынғаннан кейін, терге кірген суды жабу және оны тері астында ұстау үшін май жағынған жақсы. Онымен бірге ауа ылғалдығының тиісті деңгейін ұстану үшін еденге су төккен дұрыс. Моншадан кейін осындай науқастар салқын жерге аз уақытқа шығып ешмен сөлін немесе сүт ішкен жақсы.
Егер моншада суда сода, күкірт, тұз болса немесе осы суда сіңір, лавр жемісін, күкіртті қайнатса, ол ерітіп жұмсарту әрекетіне ие болып бездерге қан келуіне кедергі жасайды. Дене жаттығуларынан кейін моншаға бірден баруға борлмайды, аздап демалып алу керек.
Толыққысы келетіндер тамақтан кейін моншаға келуі керек, тек оларда тамырларының бітелуі болмауы керек, ал арықтағысы келетіндер моншаға аш келіп онда ұзақ уақыт бойына болуы керек. Әдеттегі сауықтыру процедурасы ретінде асқазан мен бауыр ішіндегісін толық қорытып, бірақ аш болмай келу керек (тамақтанудан кейін 1,5-2 сағат).
Моншаға келгеннен кейін және онда жүріп салқын және ыстық су ішкен зиянды болады.
Терлеу кезінде жылдам салқындауға болмайды, себебі теріде болатын лас элементтердің қайтадан жылдам сіңуі жүруі мүмкін.
Булау бөлмесінде болу ұзақтығы моншаның ауа температурасына, оның ылғалдығы мен жеке шыдауға байланысты болады. Жаңа бастағандарға 4 минут ұзақтықпен бу бөлімшесіне бір рет кіру жеткілікті болады. Әрі қарай әр келуде 30 с қосып бу бөлмесінде жалпы болуды 2-3 кіруде 12-50 минутқа жеткізуге болады. Бу моншасына бару жиілігі 7-10 күнде бір рет.
Буланғаннан кейін сабын және жөкемен жуынып, жөкемен ысыну орталыққа бағытталатындай жуыну керек болады. Қатты терлеу одан да тершеңдік процедурасы арқылы емдейді. Басты қайың бүршіктері немесе жас жапырақтарының тұнбасымен шайған жақсы. Бұл процедура теріге барынша маңызды және шашты нығайтады. Итмұрын тұнбасымен шайынған да жақсы – ол тер иісін кетіреді.
Саунаға 3-5-жастан бастап балалардың келуіне болады. Бұл жағдайда оның температурасы ересектерге - 60°С қарағанда барынша төмен болуы, ал булау бөлмесінде болу ұзақтығы 4-5 минуттан аспауы керек. 12 жастан үұлкен балаларға 70 °С жағдайында булануға болады. Оларға булау бөлмесіне 2-3 рет кіруге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда процедуралардың жалпы ұзақтығы 15 минуттан аспауы керек.
Монша буыннан ыдырау өнімдерінің шығарылуына көмектеседі. Сондықтан буындар ауырған кезде, мысалы майыстыратын артриттер жағдайында монша әсіресе массажбен және сыпырғышпен ұрғылаумен бірге емдеудің барынша тиімді әдісі болып табылады.
Сыпырғышпен келтірілетін жылу, ыстық-салқын себезгі, қанның және сарысудың ағзада таралуы оттегі мен қоректендіру заттектерінің келуіне көмектеседі, ол қан айналысын белсендіріп буындарда қышқылдану-қалпына келтіру процестерін күшейтеді.
Монша процедуралары оңалту процестерін ынталандырады, оның ішінде жұлын дамиды, артроздар, контрактур дамуын болдырмайды, ағза қызметтерінің жылдам қалпына келуіне көмектеседі.
Түрлі дәрілік өсімдіктерден жасалған сыпырғышпен буланған жақсы.
Қалақайдан жасалған сыпырғыш ты соққылар алдында 1-2 минутқа ыстық суға, содан кейін 3-4 минут – салқын суға салынады (процедура 1-2 рет қайталанады), содан кейін онымен пайдалануға болады. Бірақ булану бөлмесіне кірер алдында онда 5-7 минут бола тұру керек, ал жақсысы оның алдында 2-4 минут қайың немесе емен сыпырғышымен соққылану керек.
Монша процедуралары ғана емес, монша жасалған материал, монша жағылатын ағаш та маңызды орын алады. Моншаны самырсын немесе қарағайдан жасауға ұмтылады, төменгі жағы еменнен жасалған дұрыс. Булану бөлімін липа, емен немесе самырсынмен қаптайды. Сонедай-ақ моншаларда (саунада) пештерді дұрыс қалау өте маңызды. Одан көп нәрсе тәуелді болады, оның ішінде дұрыс термореттеу.
Моншаны қайың немесе емен сүректерімен жаққан дұрыс, олар көп жылу береді және пештегі тастар жылдам ысиды. Қылқан жапырақты ағаштардың сүрегі жағу кезінде осина сүрегімен біріктірген дұрыс, олар жылуды аз берсе де, түтін жолдарын ыстан жақсы тазартады.
Сыпырғыш пайдаланыпр массаж процедуралары
Булау бөлмесінде сыпырғышпен түрлі айла-шарғылар жасау – бұл тері қабатын белсендіретін, қан айналысы мен тер бөлоінуін күшейтетін өзіндік дене массажы. Сыпырғышпен қалай болса солай буланбай, нақты жүйелікті процедуралар орындау керек. Сыпырғышпен соққылану бар күшін аямай өзін өзі сабау деген сөз емес.
Бұл жаңадан бастағандардың үлкен қателігі. Моншаға өзімен емен немесе қайың сырыпғыштарының екеуін алған дұрыс. Жас сыпырғыштармен бірден булануға болады, ал құрғақтарын ыстық су құйылған легенге салып 5-7 минут бетін жаба тұрып, жапырақтарының жұмсаруын күту керек.
Сыпырғышты липа ыдыстарында буландырған жақсы. Буды жақсы келтіру үшін сыпырғышты сулаудың қажеті жоқ. Ылғал сыпырғыш ауырлайды, жапырақтары жабысып қалады және онымен булану өте нашар болады. Сыпырғышты пайдалану процедурасының жүйесі қандай?
Массаждлық сипалау – булау бөлмесінде сыпырғышты пайдалану мысалдарының бірі, ол жағдайында теріде ғана емес, одан терең тіндерде қан айналысы күшейеді. Бұл жағдайда қан, сарысу мен тін аралық сұйықтықтардың дене бойымен таралуы жүреді. Сыпырғыцш жапырақтары мен бұтақтарында болатын эфир майлары ашылған теріге кіріп оған тез сіңеді және зат алмасуын жақсартады.
Терінің ерте картаюын болдырмайтындай теріге косметикалық әсер ету алынады. Екі адам бірлесіп буланғаны жақсы, біреуі етпеттеп жатады, ал екіншісі екі сыпырғышпен оны «өңдеуді» бастайды. Екінші адамның қолында міндетті түрде брезент немесе кең тер қолғап болуы керек, себебі алақан ойылып қалады. Массажды табаннан басқа дейін және кері сипап бастайды. Кері бағытта бір сыпырғыш бірп бүйірде, екіншісі екінші бүйір бойынша сырғиды, содан кейін сыпырғыштар жамбас, бөксе мен аяқ бұлшық еттерінің бүйір бөліктері бойынша жылжиды. Осындай тығыз сипау 2-3 рет қайталанады.
Массаждық сипаудан кейін жасайтын компресс-процедура. Сыпырғыштарды жоғары көтереді, онымен ыстық ауаны алып 1-3 с белге басып тұрады. Осындай сыпырғыш компресін әр дене теліміне 4-5 рет жасайды. Осы компресстік процедура құяң, жаттығулардан кейін жарақат алған жағдайда әсіресе пайдалы болады.
Кергілеу – бел – құйымшақ тұсында ауыру болған кезде ұсынылатын массаждық тәсіл. Екі сыпырғыш белге орналастырылады және бір уақытта екі жаққа кетеді, біреуі табанға қарай, екіншісі – желкеге қарай. Бұндай қозғалысты жауырын мен тізе жақтарында да жасайды.
Сыпырғыштар ауада сырғымай, дленеге жымдастырылып қозғалуы керек. Егер булану бөлмесінде ауа температурасы жоғары болып, бір адам шыдамаса, сыпырғыштар жоғары көтерілмей баяу жылжуы керек. Бұл жағдайда сыпырғыштарды кезеңді түрде салқын суға батырып отыру керек. Осындай массажд тәсілін 3-4 рет қайталайды.
Соққылау – сыпырғышпен массаж процедураларының ең эмоционалдық тәсілдері.
Соққылауды сыпырғыштың шеткі бөліктерінің дене бойымен жеңіл, жылдам қозғалуымен орындайды. Алдымен арқасы бойынша барлық бағытта, содан кейін белі, бөксесі, балтыр мен табандары соққыланады. Соққылау процедурасының ұзақтығы 1-2 минутты құрайды.
Өзіндік массаждың бұл түрін кейінгі, барынша қаттыц тәсіл – сабаумен жалғастыруға болады. Сабау – сыпырғыш жоғары көтеріліп ыстық ауаны қамтып денеге түсірілетін массаж тісілі ол дененің барлық бөліктеріне сыпырғыштың барлық бетімен 2-3 рет ұрғылаумен жасалады. Осы масаждық процедура кезеңді процедурамен жалғасады.
Ысқылау – булау бөлмесінде сыпырғышпен жасалатын процедура соңы. Процедураны мына үлгімен орындайды: сол қолмен сыпырғышты ұстайды, ал оң қолмен жапырақ бөліктерін басып барлық денені ысқылап шығады. Дененің жоғары бөлігін барлық бағытта ысқылауға боладлы, ал аяқтар мен қолданды бойымен ысқылайды. Ысқылау мен соққылау кезінде сыпырғыш қозғалуы ортаға (жүрекке) бағытталғаны дұрыс. Ысқылау кезінде ортаға жақындаған кезде сыпырғышты басуды күшейту керек.
Барлық осы процедураларды жүргізу қызулығы булау бөмесінің темперпатурасына сәйкесуі керек. Егер ол төмен болса, онда барынша қаттылап соққылауды және сыпырғышпен басқа қозғалыстарды жасайды, ал егер температура жоары болса, онда сыпырғышпен қозғалыстар жайлы, жұмсақ болуы, сыпырғышты кезеңді түрде салқын суға батырып отыру керек болады.
Булау бөлмесіне бірінші кірген кезде сыпырғышты пайдалану ұзақтығы 6-8 минуттан аспауы керек. Екінші кіруде ұзақтық 3-5 минутқа қысқаруы және екінші кіруде қайталау массаждық процедуралары барынша жұмсақ нысанда дененің жеке бөліктерінде жасалуы керек.
Бірінші рет келушілерге булау бөлмесіне бірінші және кейінгі кіруде пайдаланбаған дұрыс. Біртіндеп булану бөлмесінде болуды 8-10 минутқа дейін жеткізгеннен соң, жаңадан келушіге сыпырғыш проуедураларын 1-2 минут көруге болады.
Булану бөлмесінде сыпырғыш процедураларын аяқтағаннан кейін жылдам тұрып кетуге болмайды. Төменгі сөреде 1-2 минут отыра тұру керек, содан кейін булану бөлмесінен шығуға болады.
Моншаның емдік қасиеттері
Булау моншасы әдетте 90 - 100% салыстырмалы ылғалдық жағдайында ауа 40 - 60°С температурасымен, ал құрғақ ауалы - 5 - 15% салыстырмалы ылғалдық жағдайында 70 - 90°С ауа температурасымен сипатталады.
Осы ерекшеліктер адам ағзасына әсер ету кезінде елеулі роль атқарады және атап айтқанда физиологиялық жауап реакциясының сипатында термореттеуде елеулі ерекшеліктерге әкеледі.
Жоғары температура шарттары жылу беруді қиындатады және нәтижесінде жылу тепе-теңдігі бұзылады: ағзада жылу жинақталып ұсталады, ол өз кезегінде дене температурасының артуына әкеледі. Бұл ағзадан артық жылуды кетіру үшін термореттеу қызметін жұмылдырады, ол екі жолмен жүзеге асырыла алады: жасуша мен органдарда жылу түзілуді төмендету (химиялық термореттеу) және тер бөлу, тері мен өкпенің қан тамырларын кеңейту, терең тыныс алу көмегімен жылу беруді күшейтумен (физикалық термореттеумен) жүргізіледі.
Бұл тетіктер нақты уақытта ғана қоршаған орта мен ылғалдыққа орай жылу тепе-теңдігін қамтамасыз ете алады. Моншада болу уақыты ағза жоғары температура шарттарына күші жетпей қалатын деңгейден аспайтындай болатын кезге жетпеуі керек.
Адамға ыстық өтіп кетудің тән нышандары – сұрланып кету, басы айналу, жүрегі айну, өзін тік ұстап қозғалудың бұзылуы. Жоғары температураға ағзаның реакциясының басталуын анықтайтын фактор тиісті гипоталамус өрістерінің жылумен тітіркенуі болып табылады.
Ыстық ауалы бу бөлмесінде дененің жалпы жылынуы салыстырмалы түрде баяу жүреді, алайда жоғары ауа жолдарына және мойынның жұмсақ сыртқы беттеріне жылу беру нәтижесінде ұйқы бещі телімінде температура өзгнеруі жылдам жүреді.
Ауа ылғалдығы булы және құрғақ ауалы моншалардың басты айырмашылығы болып табылады. Құрғақ ауа ылғал ауамен салыстырғанда тері бетінен ылғалдың жеңіл булануына мүмкіндік береді, бұл дене температурасын елеулі түрде төмендетеді. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы аз болған сайын, оның жылу өткізгіштігі соншалықты азь және бұдан ағза тіндерінің қызуы аз болады. Осы үлгімен сауна жағдайы термореттеу процестері мен жоғары температураға шыдау процестерін жеңілдетеді.
Ауаның жоғары ылғалдығы тері бетінен (тер бөліну булану моншасында құрғаққа қарағанда барынша көзге көрінеді, тер «жылжып» ағады, бірақ жылу берудің бұл жолы тиімсізщ, себебі онда тердің жеткілікті дәрежеде булануы жүрмейді), өкпе мен тыныс алу жолдарынан ылғалдың булануын қиындатады, тіндердің жэылдам және қатты қызуына көмектеседі (судың жылу өткізгіштігі мен ылғал ауа құрғаққа қарағанда жоғары) және өкпеде газ алмасуды қиындатады (ауаның елеулі көлемі бумен қаныққан және оттегі онда аз болады).
Осының барлығы қызып кетуді жылдамдатады, термореттеудің жылдам бұзылуына және өзін жақсы сезінуді нашарлатуға әкеледі. Бу моншасының шарттары құрғақ ауалшы монша шарттарына қарағанда барынша елеулі болады, адам ағзасына жүктеме бірінші кезекте жүрек-қан тамырлары, тыныс алу мен жүйке тамырлары жүйесіне әсер етеді. Бірақ дұрыс қолданған жағдайда бұндай монша шынығу мен сауығу және тазару құралы ретінде өте пайдалы болады.
Құрғақ ауалы моншалар шынықпаған немесе сауығу сатысында тұрған адамдарға, кексе адамдар, балалар мен әйелдерге, сондай-ақ моншаны үлкен жаттығулардан кейін күшін қалпына келтіру мақсатында пайдаланатын, жақсы спорт пішіні қажет ететін жарыс алдында спортшылар үшін қолданған пайдалы болады.
Дене жаттығуларының кез келген түрінен кейін сауна мыналар үшін пайдаланылады:
- Жұмыс істеген бұлшық еттерін босаңсыту;
- Одан және қаннан метабьолизм өнімдерін жылдам шығару
- Үлкен жарты шар қабатының моторлық аймағында қозуды төмендету (тітіркену кезінде тіреу-қозғалу аппаратында қозғалыстар туындайды);
- Эмоционалдық қалыпқа келу құралы ретінде.
Монша процедуралары қарсы көрсетілетіндер
Моншаға талма аурулары, өкпе туберкулезі, жаңа түзілімдер, жүрес нашарлауы, қан қысымының артуы кезінде келуге болмайды. Ауырудың қозу кезеңі мен созылмалы аурулардың өршуі кезіндеғ жүрек-қан тамырлары ауырған кезде моншаға келуге болмайды.
Тамырлары немесе қалқанша безі ауыратындарға моншаға келер алдында алдын ала дәрегермен кеңесу керек. Жүкті әйелдерге бірінші үш айда саунаға келуге болмайды, себебі ағза сыртқы әсерн етулерге тым сезімтал болады. Бронзиттің немесе тұмаудың өршіген жағдайында сауна мен бу бьөлмелері жалпы жаңдайды онан сайын нашарлата түседі.
Бетінде тамырлары жарылған адамдарға моншаға келуге болмайды. Бұл тамырлар қайта тарылу қасиетінен айрылған. Олар онан сайын кеңейіп кетпейі үшін терінің қанмен жарақталуын белсендіретін барлық тәсілден қашу керек болады.
Баня в Астане | Русская баня на дровах | Турецкий хамам | Баня 888 | Сауна Астана | Массаж Астана | Китайская баня